Gashyqpyn歌词由MAGZHAN演唱,出自专辑《Gashyqpyn》,下面是《Gashyqpyn》完整版歌词!
Gashyqpyn歌词完整版
Әлі есімде сол бір күннің өткені,
Өзің едің өмірімнің көктемі.
Жұлдыз едің көкте көркем,
Аңсадым мен өзіңді еркем
Жүрегімнің сен әуені.
Қанша төздік білмей бағасын,
Аласұрған көңіл дәмелі.
Сезбейсің ғой болып жатқан мендегі,
Тырысқанмен тоқтата алмай кеудені.
Бір аспанда шағылысқан ай мен күн,
Ынтызар боп жүрек шіркін өртеді.
Көзім тоймай қарай бергім келеді,
Сырып тастап өткенді.
Сезім тулап от боп жалын атқанда,
Түсінбеймін шаттан әлде шаттанба?
Лүпіл жүрек сағат сайын,
Дамылдайды көңіл бірақ
Арадағы хаттан ба?
Шын сезімді жеткізе алмай,
Көңіл жай табар ма бұл таңда?
Сезбейсің ғой болып жатқан мендегі,
Тырысқанмен тоқтата алмай кеудені.
Бір аспанда шағылысқан ай мен күн,
Ынтызар боп жүрек шіркін өртеді.
Көзім тоймай қарай бергім келеді,
Сырып тастап өткенді.