Qazaq zhigiti歌词由Азия演唱,出自专辑《Qazaq zhigiti》,下面是《Qazaq zhigiti》完整版歌词!
Qazaq zhigiti歌词完整版
Қазақ жігіті
Аққан тер,су су майкы,
Армандар алдамайды.
Сәл қалды шыда бала,
Жатқаның жарамайды.
От көзің жарқырайды,
Арландар алынбайды.
Жаттығып шыныққандар,
Шымыр боп шалынбайды.
Жолың бар жеке дара,
Туғансың бөлек бала,
Көрсетші бойыңнан намыс,
Қайтпайтын қайсарлық нағыз.
Туыңды желбірет,
Еңбекті ел білед,
Жеңісіңді көрейік ел болып біз елжіреп.
Шаршама беліңді бу,
Жалқаулық жабысар у.
Аянбай әлің барда,
Жасай бер сен жаттығу.
Мән берме бәріне фу,
Спорттық жолыңды қу.
Олжаның оңайы жоқ,
Тәннен шықпай су мен бу.
Мықтысың күштісің ақ,
Жаттық сен барыңды сап.
Бәрінде ұлылардың,
Екі қол екі аяқ.
Жап жас жаның жалықпасын,
Қазақ елін чемпион боп танытасың.
Қайырма
Қазақ жігіті беу қыран құстай,
Алатын азығын алыс ұшпай.
Қаныңда рухы барда бабалардың,
Тұрасың додаларда туыңды ұстай.
Өзіңдей ұлдан,
Батыр боп туған.
Айналдым ей айбарыңнан,
Маңдайда жұлдызың жарқырап турған
Қаз(ы) қарта жеген қазақ күшін,
Поп корны ас болған жалаң пұт қайдан білсін.
Жал жая, қымыз саумалымен,
Күш қуатың бойыңнан асып тасып тұрсын.
Шұбат пен қымыздатып,
Алға бас Ұрандатып.
Жеңіспен жібер қане бойымызды шымырлатып.
Көптің бірі сен емес,
Саған мықты тең келмес.
Арманыңның жолында өзіңді өзің жетелеш.