JOQ, JANYM歌词由Zhalgas Uzakbai演唱,出自专辑《JOQ, JANYM》,下面是《JOQ, JANYM》完整版歌词!
JOQ, JANYM歌词完整版
Алтын арай атқан бір таң
Жыр көктеммен құлпырды
Келемін мен балбұл жайнап
Құшағымда қыр гүлі
Шырын сезім пәк жүрекке
Әлем сыйлап тұрғандай
Сол сезімді бір-ақ сәтте
Су сеуіп бір басқандай
Жоқ жаным, саған сенгім келмейді
Алдаған соң үмітті
Жоқ жаным, саған сенгім келмейді
Жараладың жүректі
Жанарыңда елжіреген
Мөлдіреген көзіңді
Өшіремін енді қалай
Маған айтқан сөзіңді
Асау жүрек, асау сезім
Басылады, қалады
Арман жұлдыз, алау гүлдер
Үзіледі, солады
Жоқ жаным, саған сенгім келмейді
Алдаған соң үмітті
Жоқ жаным, саған сенгім келмейді
Жараладың жүректі