Малжар жылылары-2歌词由Toregali Toreali演唱,出自专辑《Малжар жылылары-2》,下面是《Малжар жылылары-2》完整版歌词!
Малжар жылылары-2歌词完整版
Құлыны жұлқынады,
Құрығың құртылады.
Қайқы бел биесіне,
Құла айғыр бұлқынады.
Тұяғы тасқа тисе,
Ала шаң бұрқырады.
Көш бастап шықты әлемге,
Мұғалжар жылқылары.
Ақ боран, аязда да,
Құтырып, құлпырады.
Көңілін түсірмейді,
Жауыны, күн тұманы.
Көтерер жуан мойны,
Қазақтың жұртын әлі.
Мұғалжар жылқылары.
Мұғалжар жылқысымен,
Мақтанар күн туады.
Қайырмасы:
Атадан ұл туады.
Ұл туса ұлт ұраны.
Қасқадан төбел туса,
Шыбын жан шырқырады.
Мұғалжар жылқысының,
Қақ төрде шын тұрағы.
Өйткені қанында бар
Қазақтың ынтымағы.
Бабамның аманаты,
Сәлемі-саламаты,
Жылқының жанарында,
Шүкірі қанағаты.
Ағылшын - Араб аты,
Түркімен - Қазақ аты,
Солардың бәрін қоссаң,
Мұғалжар қазанаты.
2)Ембілік Мұғалжардың,
Көкірек-кеудесі кең.
Құландай Құландылық,
Байлығым, кең несібем.
Қайыңды мұғалжары.
Тандырар елді есінен.
Сарыарқа топ жарып тұр,
Сұлулар көрмесінен.
Жалбырап жал-құйрығы,
Уатар тасыңды да.
Шашасы шаң көтеріп.
Үркітер қасыңды да..
Мұғалжар жылқысының,
Тегіне ғасыр куә.
Бұйырсын шашулыға.
Серікбай Ырзабаев,
Қалдырған асыл мұра.