Sezimsiz歌词由Aruzhan Aydarbek演唱,出自专辑《Sezimsiz》,下面是《Sezimsiz》完整版歌词!
Sezimsiz歌词完整版
Мен қалдым сезімсіз
Қалдым белгісіз
Жан болып сенің жүрегіңде
Мен қалдым сезімсіз
Қалдық енді біз
Соғылды біздің кемемізде
Іштегі сезіммен, ғашықтық көзіммен
Кездесер бақытты, елемей мүлде мен
Жанарлар тоғысып, тағдырлар тоғыспай
Алысып келемін мәні жоқ күндермен
Теңіз боп жаралсам, өзімнің еркіммен
Сендегі жүректе толассыз толқыр ем
Тасқыны тоқталып, сарыны баяулай
Жараға болдың ем, өзіңсіз көңіл кем
Мен қалдым сезімсіз
Қалдым белгісіз
Жан болып сенің жүрегіңде
Мен қалдым сезімсіз
Қалдық енді біз
Соғылды біздің кемемізде
Өзіме керегін
Түсінбей келемін
Бөліндік біздер қалай
Өзіңді сеземін
Әлі де сенемін
Бақытты күндер талай
Мен қалдым сезімсіз
Қалдым белгісіз
Жан болып сенің жүрегіңде
Мен қалдым сезімсіз
Қалдық енді біз
Соғылды біздің кемемізде