Kezdespes歌词由iBeQ演唱,出自专辑《Kezdespes》,下面是《Kezdespes》完整版歌词!
Kezdespes歌词完整版
Барма әлемде сен тектес?
Кездеспес, мекендемес,
Болуы мүмкін емес.
Қол жетпес, қазір бәрі кеш.
Мүлде кетпес бұл жара еш.
Күтудемін сені талай,
Алдандым мен саған қалай?
Татып көремін деп дәмін,
Батып кеткенім обал ай...
Басынан бастайын бәрін,
Жазуды жанымның әнін,
Қой бұлай босқа оқымай,
Жырға сәл тастайын сәнін.
Мына самал әуен арқылы сөзімді жеткізейін,
Сенің көз алдымнан ғайып болғаның естен кетпейді,
Өзгені тап, бақытты бол дегенің өзекті өртейді,
Жоқ нәрсені қалайша іздеймін?
Барма әлемде сен тектес?
Кездеспес, мекендемес,
Болуы мүмкін емес.
Қол жетпес, қазір бәрі кеш.
Мүлде кетпес бұл жара еш.
Баяу келіп, кетуге болдың асық,
Бір бірімізге кінә тағып таластық,
Екеуіміз біраз жерге дейін санастық,
Жаныма еніп кеттің қасымнан.
Қою түн қойнымда жастық,
Жоқ, бұл ойында паспын,
Қайдасың қалқам ойымнан басқа?
Кетпейсің бойымнан сыртқа...
Ояулы сезімдерге бояулы кездер...
Өзіңсің аяулы бақыттың қадірін түсіндірген.
Өткенің бәрі көрге көмілді өзіңмен лезде,
Үміттер суып менде қалмады мүмкіндіктер.
Барма әлемде сен тектес?
Кездеспес, мекендемес,
Болуы мүмкін емес.
Қол жетпес, қазір бәрі кеш.
Мүлде кетпес бұл жара еш.