Jan IHI歌词由O’azis演唱,出自专辑《Jan IHI》,下面是《Jan IHI》完整版歌词!
Jan IHI歌词完整版
Өзгеремін мен
Өзгелерді тыңдамай
Қалықтаймын аспанда
Ұшамын мен алысқа
Бел буып, айтар сөздер бар
Құлпы жоқ, іште толы уайымдар
Айналамда қараңғы ұмтылам жарыққа
Арман қуған пендеміз, бос нұсқауларға бай
Керек маған еркіндік
Шаршадым мен тар ауадан
Ауыр жүк менің жолымда
Айналамнан сескенем, түсімде біреу кескендей.
Өзгеремін мен
Өзгелерді тыңдамай
Қалықтаймын аспанда
Ұшамын мен алысқа
my law :өзімнің мақсатым бар менде
іштегі жан айқай тыным бермейді
су айнала жағаларға түніп көздейді
ойдағы мың сұрақ тағы-тағы тербейді
өнеріміз өліп барад дейді
онда неге кімге неде менде мұқтаж деймін
кең елімде, сірә кейде ауа жетпейді
зая сөйлеуден шықтыма бал деймін
Әлемім менің басқаша
Өзімнен нәтиже басталад(ы)
Балалық өтті шекарада
Күнім жарық сөнгендей
Күнім жарық сөнгендей
Керек маған еркіндік
Шаршадым мен тар ауадан
Ауыр жүк менің жолымда
Айналамнан сескенем, түсімде біреу кескендей.
Сезімдер менде өзінше
Әлемім бөлек өзгеше
Екі шекара өзгерсе
Мен толығымен өзгеремін
Бездім, кезе қайта-қайта
Басқа жолдарды таңдай
Биіктен көрінемін бос сөздерге
Қойсам үлкен тақтай
Өзгеремін мен
Өзгелерді тыңдамай
Ұшамын мен алысқа